Факультет басшылығы

Исатаев Мейрам Исатайұлы

Мәдениет және өнер факультетінің деканы, ғылым магистрі

Сатағалиева Сәнді мұратқызы

Мәдениет және өнер факультеті деканының орынбасары, аға оқытушы


ФАКУЛЬТЕТ МИССИЯСЫ:

Қазақстанның ең ескі ЖОО-ның бірі ретінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аймақтағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени модернизация орталығы болуға мүмкіндік беретін мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеясы мен ұлттық келісім негізінде оның ғылыми, оқу-білімдік және тәрбиелік дәстүрлерін сақтау және көбейту. Алдыңғы қатарлы білім беру технологиясын және қазіргі заманғы білім беру инфрақұрылымын пайдалана отырып, білім берудің, экономиканың, құқықтың, өнердің, мәдениеттің дамуына және гуманитарлық, жаратылыстану, ғылыми-техникалық білімнің жиналуы мен таратылуына позитивті әсер ете алатын тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сұраныстарына сәйкес жоғары біліктілікті мамандар дайындау.

Мақсаты:

Жоғары сапалы білім мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын ғылым, білім және өндірістік интеграция негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және мәдени-шығармашылық қызметті жүзеге асыру.

Міндеттері:

-оқыту және тәрбиелеу үрдістерінің интеграциясы үшін ұйымдастырушылық-нормативтік, кадрлық, ақпараттық-әдістемелік және басқа да жағдайларды жасау арқылы университет қызметін жетілдіру;

-білім беруді ақпараттандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

-әлемдік ғылыми-білім кеңістігіне интеграциялану, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу;

-ұжымдық басқару жүйесі мен әлеуметтік серіктестікті дамыту, ЖОО қаржыландыруының диверсификациясы.

Факультет құрылымы:

-Музыкалық білім және вокал кафедрасы

-Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы

-Хореография және мәдени-тынығу кафедрасы

-Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Байланыс ақпараттары:

Мекен-жайы – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 137, 104 бөлме.

Байланыс телефоны: 87112-51-27-39

Электрондық пошта: culture@wksu.kz