Мәдениет және өнер факультеті

«Музыкалық білім және вокал» кафедрасы

Кафедра тарихы

«Музыкалық білім және вокал» кафедрасы 2015 жылы «Музыкалық білім» және «Вокал» кафедраларын біріктіру жолымен құрылды. Кафедраға п.ғ.к. М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті О.А.Бабенко басшылық етеді.

Әр кезеңде, музыкалық өнер бағытындағы бөлек кафедраларды біріктіріп, кейіннен оларды бөліп, кафедра меңгерушілерінің ауысып отыруымен бірге, ұйымдастырулық- құрылымдық жағынан да өзгеріске ұшырап отырған кафедра әртүрлі атаумен қызмет атқарып келді. 1990жылы көркемдік –графикалық факультет базасында 0317 «Музыка және ән» мамандығы ашылып, кейіннен 031740 «Музыкалық білім» кафедрасы болып қалыптасты. 1991жылы Шымкент педагогикалық институтының филиалы ретінде ұйымдастырылған кафедраның музыкалық өнер бағытындағы оқу үрдісі 1992жылы Батыс Қазақстан Өнер институтында қайта ашылды.

Осы орайда, музыкалық білімді дамытуда композиторлар одағының мүшесі А.С. Молдағайынов, білікті оқытушылар: С.Н.Хамитова, Р.Ғ.Шынтемирова, Н.Г. Сиваш, Н.А. Думчева т.б. сынды тұлғалар зор үлестерін қосты.

1995-96 оқу жылдарында «Музыка және ән» кафедрасын М.М.Нағымова басқарды. Осы оқу жылынан бастап, кафедраның ғылыми –методикалық жұмыстары жолға қойылып, нәтижелі жұмыстар атқарыла бастайды.Осыған байланысты, студенттер мен бітіруші түлектер контингенті артады.

Кафедраның ППС құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында әртүрлі кезеңдерде музыкалық педагогика саласының білікті мамандары: Каз. Мемл. Қыздар ПИ профессоры, п.ғ.д. Р.Р.Джардемалиева, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Э.Б.Абдуллин, өнертану докторы, Қ.Ұ.К. профессоры Б.И. Каракулов, Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері,Құрманғазы атындағы Қ.Ұ.К. профессоры А.Т.Жайымов секілді майталмандар шақырылып отырды.

Кафедра студенттері еліміздегі беделді конкурстар мен фестивальдерде лауреат атанып келеді. «Жас қыран» триосы- Республикалық «Жас Қанат» конкурсының және «Шабыт»халықаралық фестивалінің лауреаттары, Астана- 2000; «Ару» тобы- «Шабыт»халықаралық фестивалінің дипломанттары,Астана-2000; А.Қуаналиев- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Шабыт-2002; Ж.Утешкалиев- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Шабыт-2003; Усманов М.- Халықаралық «Жаһан дала» конкурсының лауреаты, Ақтау-2004; Скорикова Мария-II-Республикалық «Жас толқын» конкурсының лауреаты, Тараз-2003 және т.б.

«Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі М.М.Нағымованың 2004жылы кандидаттық диссертациясын қорғауы Егеменді Қазақстанның дамуы жолындағы талаптарға сай кафедраның ұйымдастырушылық қызметіне елеулі үлес қосты.

Оқу үрдісінің әдістемелік кешені жаңарып, болашақ музыка және ән маманыдығының оқытушыларының оқу жоспары мен бағдарламасы ең жоғарғы талаптарға сай бола алды. Бұл өз кезегінде кафедрада өнертану кандидаты, БҚМУ профессоры С.М.Погодин, Қ.Р. Еңбек сіңірген әртістері, доценттер Қ.Қ.Қожақов, Ж.А.Таудаева, аға оқытушылар А.А. Құсайынов, Д.М.Байтлеуов, Д.Н.Есентемиров, А.К.Айғалиева, М.Т.Мерғалиева т.б. сынды жоғары білікті мамандар құрамын топтастыруға негіз болды.

2001жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ да 5B040300 «Вокалдық өнер» мамандығы, «Камералық әнші» біліктілігі бойынша Қазақстанның Батыс аймақтарын қамтамасыз ету мақсатында мамандар дайындалады. Оқу күндізгі және сырттай оқыту формасында жүргізіледі.

2008 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан«Аспаптық өнер және Вокал» кафедрасының оқытушылар құрамы бір жағынан студент-музыканттарды оқытудағы үздік дәстүрді сақтап отырса, екінші жағынан, БҚМУ дың мемлекеттік стандарттарына сай, кредиттік оқыту жүйесін енгізуіне байланысты, музыкалық –орындаушылық мамандықтары бакалавр болды. Осы кезден бастап, кафедраны доцент А.В. Самаркин, кейін – аға оқытушы А.К.Габдуллина, одан соң, О.А.Бабенко басқарды.

Осы оңай емес әрі тәжірибелік жолда, кафедраның шығармашылық, мәдени, оқу-әдістемелік базасын құрып, жұмысын көтеру мақсатында Қазақстанның ұлттық мәдениет және өнер саласының үздіктері: ҚР халық әртісі Т.К. Шамелов, ғылым докторлары, профессорлар С.А. Күзембаева М.Е.Ержанов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Қ.Қ.Қожақов, С.Ж.Таудаева, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері Қ.Қ. Қажимов, С.А.Маулетова, өнертану кандидаты, доценттер А.В.Самаркин, С.М.Погодин, доцент О.А.Бабенко сынды майталмандары өз үлестерін қосты.

Кафедраның дамуына зор үлестерін тигізген үлкен педагогикалық өтілі бар оқытушылары ретінде әр кезеңде студенттік хор коллективіне жетекшілік еткен А.Ш.Тулегенованы, В.В.Пальгованы, Н.В.Строкованы, Н.А.Шабаеваны, О.П. Окуневаны, Л.Қ.Өмірзақованы, С.В.Мелякованы, О.В. Ворфоломееваны атауға болады. Хор класы сабағына қатынаса отырып, студент өз оқытушысының жұмыс жасау үлгісін, дайындық және шығармашылық кезіндегі әдіс –тәсілдер мен технологиясын үйрену мүмкіндігіне ие болады.

Мамандықты дамыту жолында кафедрада ҚР еңбек сіңірген әртістері Қ.Қ.Қожақов, Ж.А.Рахимова, Үлкен хор ұжымының жетекшісі ретінде - аға оқытушы Н.А.Шабаева елеулі еңбек етті.

Бүгінгі таңда «Музыкалық білім және вокал» кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚМУдың ажырамас бір бөлшегіне айналған. Оның қызметтік тәжірибесі ЖООдағы қоғамдық ортада бастау алып, кең аспектіде таралып келеді.

Кафедрада тәжірибелі оқытушылар өскелең ұрпақты ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнерді дәріптеу негізінде тәрбиелеп, музыкадығы көркемдік құндылықтарды игеру әдістемесі бағытында жұмыстанып келеді. Оқытушылар құрамының ең биік дәрежесі өздерінің және студенттерінің халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдердегі жеткен жетістіктерімен өлшеуге болады. Оқытушылардың кәсіби қызметінің басты бағыты кәсіби орындаушылық дағдыны дәстүрлі және жаңа формаларды игеру арқылы, түрлі орындаушылық интерпретациялар жасай отырып дамыту.

Концерттік тәжірибемен қатар, ғылыми-ізденіс жұмыстарыда белсенді атқарылып, осыған қатысты шараларға қатынасу белсенді жүзеге асып келеді. Тақырыптың оқу, дәріс-концерттер, еңбек басылымдары – бұлар «Музыкалық білім және вокал» кафедрасының атқарып отырған жұмыстарының бір бөлігі десек болады.

Ұжымның негізгі ұстанған білім беру саясатындағы басты ұстанымы –бұл жоғары кәсібилік, мақсатқа жетудегі жолдың анық және түсінікті болуы. Өз жұмыстарына аса ыждағаттылықпен қарау, жоғары сапалы деңгейге жетуге ұмтылған, осыған бағытталған ұстаныммен кафедра оқытушылары жұмыс жасап келеді.

Жаңа технологиялар және олармен жұмыс жасау әдістері, оқу материалдарын беруде белгілі бір мәселені шешудегі инновациялық көзқарас, әрбір студентпен жеке қарым қатынастағы икемділік – бұл кафедра оқытушыларының ішкі өзіндік ұстанымы болып табылады.

Кафедрада түрлі жоғары деңгейдегі педагогтар мен студенттердің болуы, ғылыми және шығармашылық жолдағы жоғары деңгейлік осыған дәлел.

Әртүрлі сайыстар мен фестивальдерге қатынасып келе жатқан кафедра студенттері кафедраның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді: трио «Кәусар» Қабиев Азат, Мендіғалиева Жансая (жетекшісі Г.Е.Өтегенова), «Батыс star» тобы, «Қорған» тобы (жет.Қисметов Қ.Л.),Қапонова Айзада, Рысқалиева Бибігүл, Қанатқалиев Алты

Мамандықтар:

5В010600- «Музыкалық білім» мамандығы

Біліктілік: музыка мұғалімі

«Музыкалық білім» бойынша білім алған маман

-ЖББ мектептерде музыка мұғалімі;

-Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде саз жетекшісі;

- Балалар музыкалық ұжымының, студия жетекшісі;

- Халықтар шығармашылық бірлестігінің, этномәдениет орталықтарының, қосымша білім берудегі клубтық мекемелерде, оқу орталықтарында қызмет ететін кәсіби маман ретінде дайындалады.

5В040300- «Вокал»

Біліктілік: Камералық әнші, эстрадалық вокал, Балалар саз мектептерінде вокал пәнінің мұғалімі

«Вокалдық өнер» мамандығын бітіруші түлектер Білім беру және мәдениет саласы қызметіне дайындалған маман, жеке орындаушылықпен қатар, педагогикалық, ұйымдастырушылық қызметте, шығармашылық және ұйымдастырушылық талаптарды қоя білетін және жүзеге асыра алатын маман иесі.

Мәдениет және өнер мекемелері, арнайы және жалпы білім беру мекемелері, шығармашылық бірлестіктер, музыкалық редакциялар, бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби қызметтің орталығы ретінде қызмет етеді.

Музыкалық шығармаларды өзіндік ерекшеліктерімен түрлендіру, концерттік бағдарламаларды дайындау, музыкалық ұжымның ұйымдастырушылық қызметі -кәсіби қызметтің негізі бола алады.