Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының тарихы

 «Сурет және живопись» кафедрасы (қазіргі «Бейнелеу өнері және дизайн») 1977 жылы Орал педагогикалық институтының «Көркемсурет - графика факультеті» базасында ашылды. Факультетте екі кафедра жұмыс істеді: «Сурет және живопись», «Сызу және еңбекке баулу». Басты мақсаты - педагогикалық және көркемөнер бағытында кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Кафедраның материалдық техникалық-базасының қалыптасуына көп еңбек етіп, кадрлар жинақтауға атсалысқан бірден-бір жан, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеубай Әбілов болды.

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Н.Х.Хамзин, К.Ф.Ермаков, О.С.Мельникова, К.И.Фокин

Екінші қатарда: солдан оңға қарай И.Ө.Өтегенов студенттер арасында

Алғаш ашылған кафедрада (факультетте) ғылым кандидаттары, доценттер: Т.Ә.Әбілов, Г.М.Могилевский, В.Н.Беляев, А.Б.Абдрахманов, аға оқытушылар К.И.Фокин, В.П.Самохвалов, оқытушылар М.Қ.Ильясов, В.Ф.Крепица, А.И.Ларичкина, Р.С.Камалов, И.Ө.Өтегенов, оқу шебері Н.А.Дробышевтар еңбек етті.

Дәріс жүргізген оқытушылардың дені арнайы шақырумен келген Абай атындағы ҚазПИ-дің түлектері еді. Олар: Ғ.Хабдоллаев, О.С.Пастольник (Мельникова), Г.М.Темірбаева, М.Т.Сабырғалиев, Р.Р.Төлегенова, Г.Е.Тасимова, М.Аманбаев, Д.Бармешқызы, С.І.Алтыбаев, Ж.Н.Жүсіпов, Л.Л.Прищепная. Бұл оқытушылар арнайы пәндерден мамандар даярлап, тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты. Осы тұста шығармашылықпен айналысып, аталмыш кафедраны ширек ғасырға жуық басқарған Ғалит Хабдоллаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз.

Батыс аймақта алғаш болып ашылған мамандық болғандықтан республикамыздан, атап айтсақ: Ақтөбе, Орал, Гурьев (Атырау), Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Ресейдің Астрахань, Волгоград, Куйбышев (Самара), Саратов облыстарынан студенттер оқыды. Көпшілігі қазіргі уақытта жалпы білім беретін орта мектеп пен кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп келеді.

1980-1990 жылдары көптеген мамандар, мамандықты бітірген факультет түлектері қызмет атқарды, олар: М.Қ.Ильясов, Т.С.Ізтілеуов, Е.С.Қасымов, В.Н.Дробышев, Н.К.Брикс, Е.Л.Лұқпанов, С.Б.Нұрғалиева, О.А.Булов, С.Х.Құлбеков, А.Ғ.Сейтімов, Б.М.Моменов, С.Ө. Исағалиев, М.Т. Жұмағалиев, Т.В.Мартикова, Қ.О.Оразғалиев, Р.С.Оразғалиева, Н.М.Гомонова, Р.В.Алексеева, М.С.Жұбаева, Қ.К.Мұратов, Қ.А.Байдалиев, Қ.Н.Мәдіров, Е.Қ.Өтешев, А.Тастілеуов, Н.С.Қалиев.

 

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай кафедра оқытушылары Қ.Қ.Мұратов, С.Х.Құлбеков, Ғ.Х.Хабдоллаев, Е.Л.Лұқпанов, Г.М.Темірбаева студенттер арасында.

Наурыз мейрамы

90-шы жылдар ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Абай атындағы АлМУ-дың түлектері Н.С.Тілеуханов, Л.Третьякова, Т.Марченко, С.Қожасова кафедраның жас оқытушыларының қатарына қосылды.

1991-2000 жылдары кафедра құрамын Қ.Т.Досалиев, И. Қадыров, З.С.Бақтығұлов, И.Б.Мұқашева, Т.Ә.Хамзин, Б.А.Молдашева, С.Е.Кенжеғалиев, Т.С.Жаньярова, Н.А.Жүсіпқали,  Ж.С.Қайнбаева, С.Хахаева толықтырды.

            «Көркемсурет-графика» факультетінің құрамында ашылған кафедра даму көрсеткіші мен жаңа мамандықтар қосылуына байланысты атауын бірнеше рет өзгертті. Факультет деканы болып әр жылдарда: Т.Ә.Әбілов, И.Ө.Өтегенов, Б.М.Моменов, А.Ғ.Сейтімов сынды ғалым-педагогтар абыройлы еңбек етті.