«Музыкалық білім және вокал» кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша 2016-2017 оқу жылының І жарты жылдық есебі

І. Қыркүйек айында жоспар бойынша кафедра оқытушыларына кәсіби бағдар беру және филиалдармен жұмыс жасау жоспары жасалынып, бекітілді. Кафедраның әрбір оқытушысы мен концертмейстерлеріне қала мен аудан мектептері бөлініп берілді.

2015-2016 оқу жылында кафедрадағы кәсіби жұмысы әр түрлі бағытта жүргізіліп, алдыңғы оқу жылына қарағанда көп болғанымен, жалпы аз пайызды көрсетеді. 2016-2017 оқу жылында күндізгі қазақ бөліміне 19 студент ақылы негізде, сырттай бөлімге 9 студент ақылы негізде оқуға түсті.

Өткен жылдармен салыстырғанда кафедрада өткізілетін шаралар қазіргі таңда жоғары деңгейде өткізіледі. Жыл сайын кафедраның ОПҚ кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастырып, жүргізуде тәжірибе жинақтауда.

І. Жоспар бойынша кафедраның 5 оқытушысы өздеріне бөлінген мектептерде болып, түлектермен кездесіп, ата-аналар жиналысына қатысып жұмыс жүргізді:

1. 28 желтоқсан күні оқытушылар Габбасова М.Т. мен Ерболатова К.Е. №5 мектепке барып ата-аналар жиналысына қатысып, БҚМУ туралы ақпарат берді. Газеттер мен буклеттер таратылды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Оқушыларға сауалнама жүргізіліп, университет туралы мағлұматтар берді. Сауалнама нәтижесін сараптай келе, 3 түлек БҚМУ таңдап отырғаны белгілі болды. Соның ішінде 1 оқушы өнер мамандығын таңдап отыр.

2. Оқытушылар Өтегенова Г.Е: мен Көптлеуова К.С. кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша бекітілген №12 ЖОББМ 14 қаңтар күні барып, 11 сынып оқушыларына БҚМУ туралы ақпарат берді. Сауалнама жүргізіп, газеттер мен буклеттер таратылды. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 6 түлек БҚМУ таңдап отыр. Оқушылардың бұл оқу орнын таңдау себебі мемлекеттік оқу орны екендігі, оқу ақысына жеңілдік және беделді университтетің бірі екендігі қызықтырады.

3. 18 ақпанда оқытушы Еркегалиев А.Ж. № 14 ЖОББМ барып, 11 сынып оқушыларына БҚМУ туралы ақпарат берді. Сауалнама жүргізіп, газеттер мен буклеттер таратылды. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

4. «Музыкалық білім және вокал» мамандығында оқитын Маңғыстау облысынан келген 4 курс студенті Омарова Мираға мамандыққа шақыру мақсатында буклеттер, ролик және сауалнама беріліп жіберілді. Қаңтар айында мектептерге барып, өзінің мамандығы туралы ақпараттар беріп, оқушыларға студенттік өмір туралы өз ойын айтып, фотоға түскен. Университет туралы ролик көрсетіп, сауалнамаларға жауап алған. Хаттама бар.

ІІІ. Алдағы айларда жоспарланған жұмыстар:

- Алдағы уақытта осы бағытта кафедра оқытушылары өздеріне бөлінген мектептер бойынша мектептерге барып жұмыстанады;

- Филиал бойынша № 1, 7, 21 мектептермен кәсіптік жұмыстар жүргізіледі. Ақпан айында осы мектептерге барып «Музыкалық білім және вокал» мамандығында оқитын студенттермен бірге кездесу ұйымдастырып, концерттік бағдарлама қою және дөңгелек устел жоспарланып отыр.

- Педагогикалық сараман кезінде № 1, 20 мектептерде әдіскерлер А.Б.Жардемова мен К.Ерболатовалар 11 сынып оқушыларымен кездесіп, университет туралы мәлімет беріп, кәсіби бағдар жүргізу жоспарланып отыр.

«Музыкалық білім» кафедрасының филиалдар бойынша 2014-2015 оқу жылының есебі

І. Қыркүйек айында филиал бойынша жоспар құрылып, бекітілді. №45 және «Үміт» гимназиясымен жұмыс жасау жоспарланды. Кафедра оқытушылары А.Ж. Кенжегалиева мен Н. Е. Нурпейсова жауапты болып тағайындалды.

1. А.Ж. Кенжегалиева №45 мектеппен байланысып, 11 сынып оқушыларымен танысып, Университет өмірімен таныстыру мақсатында 22 желтоқсан күніне оқушылармен кездесуді ұйымдастырды. 22 желтоқсан күні оқушылармен кездесіп, 82 жыл тарихы бар университетімізбен таныстырып, университет мұражайларына апарып, жалпы бас ғимаратпен таныстырды. «Мәдениет және өнер» факультетімен де таныстырып, студенттермен кездесіп, «Музыкалық білім» мамандығы туралы толық ақпарат алды.

2. Оқытушы Н. Е. Нурпейсова 25 наурыз күні бекітілген «Үміт» гимназиясына барып, 11 сынып оқушыларына БҚМУ туралы ақпарат берді. Сауалнама жүргізіп, газеттер мен буклеттер таратылды. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 8 түлек БҚМУ таңдап отыр. Оқушылардың бұл оқу орнын таңдау себебі мемлекеттік оқу орны екендігі, оқу ақысына жеңілдік және беделді университеттің бірі екендігі қызықтырады. Сонымен қатар оқушыларға мамандық туралы презентация көрсетілді.

Жауапты оқытушы: А.Ж.Кенжегалиева