Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасына қаланың №5; №8; №10; №20; №21; №30; №38; №40; №41; №44; №46 ЖОББМ және БҚО бойынша Тасқала (1), Казталов (8), Жәнібек (2), Зеленов, Бөрлі, Сырым аудандарының ЖОББМ бекітілді.

Қыркүйек айының басында кафедрада кәсіби-бағдар жұмысының жоспары жасалынып, бекітілді.

24.10.2015 ж. кафедрадағы кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты оқытушы Абуова А.С. қалалық А.Молдағалиев атындағы гимназиясы №38 МГ болып, кәсіптік бағдар және кеңес беру үшін мақсатында «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1-курс студенттер мен бірігіп өткізді.

26.10.2015ж. кафедра оқытушы Абуова А.С. студенттер көмегімен қалалық №1 ЖОББМ 11-сынып оқушыларымен кездесті. Университетіміздің 80 жылдық тарихы бар, байырғы, айрықша орны бар оқу орны екендігін айта келе, жаңа мамандықтардың ашылғандығын айтып, жеңілдіктер мен атаулы шәкіртақылар туралы, академиялық ұтқырлық, оқушыларға көктемгі демалыс кезінде таңдау пәндерінен ұйымдастырылатын, дайындық курстары туралы да айтылды.

10.02.2016ж. кафедра оқытушы Абуова А.С. қалалық А.Байтұрсынов ат. №10 ЖОББМ кәсіби бағдар беру жұмыстарымен барды. Кездесу барысында оқытушылар алдымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің қысқаша тарихын, құрамын, білім беру деңгейін, қазіргі таңдағы жетістіктері туралы айтып өтіп, университеттің мамандықтары жөнінде жалпы мәлімет берді. Әрі қарай оқытушылар тақырып бойынша дәріс оқып, әңгіме жүргізді. Оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтар қою ұсынылды.

20.02.2016ж. кафедра оқытушысы Сүндеткалиева А.А. қалалық № 30 ЖОББМ болып, оқушылармен кездесті. Кездесу барысында барлық оқушыларға университетіміз жөнінде айтып, факультеттерді, атаулы шәкітақылар бойынша толық мәлімет беріп, соңынан оқыту хаттамасы толтырылды.

05.02.2016ж. оқытушы Жердемова М.Г. № 37 ЖББОМ барып оқушылармен кездесті. БҚМУ мамандықтарымен таныстырып, буклет, газеттер таратты. Сәуір айында өтетін «Жас дарын» байқауының талаптарымен таныстырды, таланты оқушыларды байқауға шақырды.

11.02.2016ж. оқытушы Муканбетова Ж.Т. № 42 ЖББОМ 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кафедра мамандықары туралы буклеттер таратып, мектептегі би үйірмесінің оқушыларымен әңгіме жүргізді. Хореография мамандығының белсенді студенттері сөз сөйлеп, өнерлерін көрсетті.

13.02.2016 ж. оқытушы Насырова М.А. №19 ЖББОМ кәсіби-бағдар жұмысын өткізді. БҚМУ видеоролик көрсетіп, шығармашылық мамандықтарға түсу талаптарын түсіндірді. Ата-аналар жиналысының кестесі алынды, сәуір айында ата-аналар жиналысына қатысуды жоспарлады. Оқушыларға буклеттер таратылды. Соңынан оқыту хаттамасы толтырылып, университетімізге түсуге шақырды.

16.02.2016ж. оқытушы Амреева Т.М. № 41 ЖББОМ барып 10 сынып бойынша 8 оқушымен, 11 сынып бойынша 10 оқушымен кездесіп, әңгіме жүргізді. Университет туралы үгіт-насихат жұмыстары толық беріліп, қойылған сұрақтарға түбегейлі жауап берді. Соңынан оқыту хаттамасы толтырылып, университетімізге түсуге шақырды.

2015 жылдың 21 қарашасы күні мектептегі би үйірмелер жетекшілеріне кафедра меңгерушісі, доцент Қ.Д.Айтқалиева әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ биін үйрету әдістемесі» бойынша мастер класс, ашық сабақ ұйымдастырды. Шараға қала, облыс мектептерінен 15 жетекші, 17 оқушы қатысты. Казаталовка, Жаңақала, Бөкей Орда аудандарынан келген жетекшілерге әдістемелік оқу құралдары, DVD дисклер арқылы әдістемелік көмек көрсетілді. БҚМУ буклеттері таратылды, шығармашылық емтихандар критериялары түсіндірілді.

2016 жылы сәуір айында 10-11 сыныптар арасында облыстық «Жас дарын» шығармашылық жастар байқауы өткізілді.

2016 жылдың 29 сәуір аралығында Халықаралық би күніне орай қала, облыс мекептері оқушылары арасында IV-ші облыстық «Балауса» би байқауын және хореография мамандығының есеп беру концерті өткізілді.

2016 жылдың маусым, шілде айларында аға оқытушыларР.С.Абуова мен Г.Е.Жұмағалиева Ақтау қаласында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» бағдарламсы бойынша кәсіб-бағдар жұмыстарын жүргізіп келді. ҰБТ тапсырып жатқан оқушылармен олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты мемлекеттік бағдарламамен, «Серпін» бағдарламасының БҚМУ үлесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылуы туралы, жеңілдіктер мен жетістіктері туралы т.б. ақпараттар айтылды.

 

Жоспары, есебі

 

«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының мамандарды дайындаудан негізгі мақсаты – заман талабына сай бәсекеге қабілетті аспаптық өнер бойынша арнайы білім беру. Ол үшін студенттерді мамандық бойынша дайындау барысында шетел және қазақстандық композиторлары шығармашылығын таныстырылып, ал олардың туындылары оқу бағдарламасына енгізіліп, кәсіби шеберлік деңгейінде орындалуда.

Оқу жұмысы оқу жұмыс бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Сабақ барлық әлеуметтік-гуманитарлық, жалпы кәсіби және әлеуметтік пәндер циклы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады.

«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасы орындаушыларды, оркестр әріптестерін, оқытушыларды дайындайды. Мұндағы студенттер кәсіби орта және бастауыш музыкалық білімі бар студенттер оқиды (БММ, БӨМ).

«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының түлектері – қазіргі заманға оқытушыға қажет арнайы дағдылар бойынша сабақ бере алатын білікті мамандар. Осы мамандық бойынша бітірген түлектер балалар музыка мектептерінде, саз колледждерде, хор студияларында, жалпы білім беретін мектептерде, мектептен тыс жұмыс орталықтарда, клубтарда, сонымен қатар шығармашылық ұжымдарда (хор, ансамбль, оркестр және т.б.) әр түрлі мәдени ұжымдарда (театр, филармония, облыстық және Республикалық мәдени орталықтарда).

5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер»

Мамандандыру

«Халық аспаптары: домбра, қобыз, сырнай», «Халық әні»

Күндізгі оқу түрі – 4 жыл

Сырттай жеделдетілген түрі – 3 жыл

Біліктілігі: оқытушы, концерттік орындаушы, оркестр, ансамбль әртісі.

Бітірушілер аспапта орындаушылық мамандығы бойынша бакалавр біліктілігін алады.Олар мәдениет және білім саласында жұмыс істеуге дайын. Кәсіптік біліктіліктерінің қолдану аясы: мәдениет және өнер орта білім беретін оқу орындары және концерттік-филармониялық ұжымдар.

Оқу үрдісі жұмыс бағдарламалар бойынша атқарылады. Сабақ барлық пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады. Мұндағы студенттер кәсіби орта және бастауыш музыкалық білімі бар студенттер оқиды (БММ, БӨМ).

Студенттерге әртүрлі облыстық, республикалық концерттерге қатысуға мүмкіндік беріледі. Кәсіби жұмыстардың өзегін музыкалық шығармаларды нақылына келтіріп орындау мен қатар, концерттік бағдарламаларды дайындау, музыкалық ұжымдарды ұйымдастыру.

Қабылдау талаптары:

ҰБТ

  1. Қазақ / орыс тілі
  2. Қазақстан тарихы

2 шығармашылық емтихан

  1. Мамандық (концерттік бағдарламаны)
  2. Сольфеджио (есту қабілеті, ырғақ, музыкалық есте сақтау)

5В040200 «Аспапта орындау: Фортепиано, Струнные инструменты, Духовые и ударные инструменты»

Күндізгі оқу түрі – 4 жыл

Сырттай жеделдетілген оқу түрі – 3 жыл

Біліктілігі: оқытушы, концерттік орындаушы, оркестр, ансамбль әртісі.

Бітірушілер аспапта орындаушылық мамандығы бойынша бакалавр біліктілігін алады.Олар мәдениет және білім саласында жұмыс істеуге дайын. Кәсіптік біліктіліктерінің қолдану аясы: мәдениет және өнер орта білім беретін оқу орындары және концерттік-филармониялық ұжымдар.

Оқу үрдісі жұмыс бағдарламалар бойынша атқарылады. Сабақ барлық пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады. Мұндағы студенттер кәсіби орта және бастауыш музыкалық білімі бар студенттер оқиды (БММ, БӨМ).

Студенттерге әртүрлі облыстық, республикалық концерттерге қатысуға мүмкіндік беріледі. Кәсіби жұмыстардың өзегін музыкалық шығармаларды нақылына келтіріп орындау мен қатар, концерттік бағдарламаларды дайындау, музыкалық ұжымдарды ұйымдастыру.

Қабылдау талаптары:

ҰБТ

  1. Қазақ / орыс тілі
  2. Қазақстан тарихы

2 шығармашылық емтихан

1. Мамандық (концерттік бағдарламаны)

  1. Сольфеджио (есту қабілеті, ырғақ, музыкалық есте сақтау)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мәдениет және өнер факультеті

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Мәдениет және өнер факультеті

№4 оқу ғимараты

Бәздің мекен-жайымыз:

Орал қаласы

Достык даңғылы 137 тел 51-27-39 (117)

Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы

Орал 2016 ж.