Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы

Кафедра миссиясы- ақпараттық қоғамнан білім қоғамына өту кезеңінде білім беру, мәдениет саласындағы ғасырлар бойғы дәстүрлерді, аймақтың түрлі өнерін, Батыс Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің генотиптерін қолдану негізінде жоғары дәрежелі және бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Мақсаты: Қазақстан Республикасын мәдениет және өнер саласындағы жоғары білікті кадрлармен; кәсіби азаматтық, адамгершілік қасиеттерімен қатар ғылыми дүниетанымы мол, ой-өрісі кең, интеллектуалдық қарымы күшті мамандармен қамтамасыз ету.

Мақсат пен міндеттерді орындау үшін қамтамасыз етіледі:

- Білікті маман даярлау үшін ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдіснамалық және тәрбиелік әлеуетін жетілдіру;

- Түлекке еңбек әлеуметтенуінен табысты өтуіне және ҚР мәдениет және өнер мекемелері қызметі саласына енуіне мүмкіндік беретін тәжірибелік дағдыны студент бойына дарыту;

- Бәсекелестік жағдайында өмірде және мамандықта үнемі жетілдірілуге мүмкіндік беретін интеллектуалдық әлеуетті, сыни ойлауды дамыту;

- Кәсіби қызметте инновациялық технологияны қолдану қабілетін дамыту.

Кафедра қызметінің мақсаттары:

- Білім беру саласында кафедра мамандықтары бойынша ғылым, білім және өндіріс интеграциясы негізінде, білімнің жоғары сапасын және кафедраның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие беру қызметін жүзеге асыру;

- Еңбек нарығының өзгермелі жағдайына бейімделе алатын және бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындау.

Кафедра қызметінің міндеттері:

- Кафедраның білім беру бағдарламаларын орындау процесінде оқытудың озық технологиялары мен заманауи білім беру инфрақұрылымын тұлға, қоғам және мемлекет сұранысына сәйкес қолдану;

- білім беруді информатизациялау саласында және жаңа ақпараттық ресурстар мен оқыту технологиясын кафедра мамандықтары ерекшелігін ескере отырып ендіруде университеттің инновациялық саясатты жүргізуіне қолдау көрсету;

- мамандар даярлаудың жаңа бағыттары мен жаңа педагогикалық технологияларды белсенді түрде ендіру, «Мәдени-тынығу жұмысы», «Режиссура», «Кітапхана ісі», «Хореография» мамандықтары бойынша оқу процесін үздіксіз модернизациялауды жүргізу;

- білім беру бағдарламаларын модульдік құрылымдауды құзіреттілік тәсіл мен Дублин дескрипторларын есепке ала отырып дамыту;

- кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамын мамандардың кәсіби деңгейін тоқтаусыз арттыру, кафедра мамандықтары бойынша өзекті ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, әр маманның креативті әлеуетін арттыру арқылы жетілдіру. Білім беру процесіне қатысу үшін шетел ЖОО-нан жетекші мамандарды, Қазақстан Республикасы және әлемнің басқа да елдерінен мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту;

- түлектерге жұмыс орнында тез бейімделуге, өз білімі мен білігін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік беретін тәжірибеге бағытталған оқыту формаларын дамыту;

- еңбек нарығы мониторингін жүзеге асырып, кафедра мамандықтары мамандарына қажеттілікті талдау;

- студенттер мен кафедра оқытушыларының академиялық мобильділігін дамытуды жалғастыру;

- кафедраның барлық мамандықтары бойынша білім сапасына бақылау жүргізу;

- студенттерді кафедраның білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оқу процесін, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруға белсенді түрде жұмылдыру.

5В040900 – Хореография

Мамандық: 5В040900 – Хореография

Мамандандыру: Хореография педагогикасы

Квалификация: Хореография педагогы

Бакалавр: Өнер

 

5В040900 - Хореография мамандығы 1991 жылдан бастап мамандар дайындап келеді.

«Хореография» мамандығының оқытушылары мен студенттері облыстық, қалалық, университеттік мәдени шараларға, Республикалық, Халықаралық байқау-фестивальдерге белсене қатысады.

2001 жылы «Арна» халық би ансамбілі құрылды. Ансамбльде мамандықтың ең үздік студенттері билейді. Қазіргі мезгілде ансамбль әлемге танылды. Атап айтсақ:

2001 жылы «Арна» ансамбілі Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінде дипломантты иеленді.

2001 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де Ш.Жиенқұлова атындағы ІІ-ші Республикалық қазақ би байқауында «Арна» ансамбілі «Бас жүлде» атанды. Әділқазылар алқасының төрағасы ҚР халық әртісі, хореография профессоры Б.Ғ.Аюханов, мүшелері ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, биші-ұстаз Т.Ізім, А.Селезнев атындағы хореография училищесінің қазақ би пәнінің оқытушысы Ғ.Бейсенова болды.

2006 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де Ш.Жиенқұлова атындығы ІІІ-ші Республикалық қазақ би байқауында «Арна» ансамбілі екінші рет «Бас жүлдеге» ие болды. Әділқазылар алқасының төрағасы ҚР халық әртісі, хореография профессоры Б.Ғ.Аюханов, мүшелері ҚР еңбек сіңірген әртіс, өнертану кандидаты, биші-ұстаз Т.Ізім, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер акдемиясындағы қазақ би пәнінің оқытушысы А.Тати, Астана қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері белгісінің иегері Е.Ағымбаев болды.

2006-2007 жылдары Ялта, Алушта қалаларында өткен IV Халықаралық шығармашылық жастар мен студенттердің фестивалінде ансамбль екі рет фестиваль жүлдегеріне ие болды.

2007 жылы Орынбор қаласында өткен халықаралық «Европа+Азия» атты балалар және жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-байқауында «Халық биі» номинациясы бойынша І дәрежелі жүлдегер атанды.

2008 жылы Польша елінде өткен «Мир под Кычера» атты Халықаралық этнографиялық фестивальде «Арна» ансамбілі қазақ биін дәріптеп, фестиваль жүлдегері атанды.

2011 жылы наурызда Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілген «Қара жорға – жастар сәні» би байқауында «Арна» би ансамбілі «Қара жорғаның майталманы» номинациясына ие болып Бас жүлде атанды.

2014 жылы Ұлттық Дельфий ойындарында «Арна» ансамблі Алтын медальға ие болды.

2015 жылы Халықаралық Дельфий ойындарында «Арна» ансамбілі Күміс медальға ие болды.

Хореография мамандығының 200–ден астам түлектері «Хореография-педагогы», «Балетмейстер - қоюшы», «Балетмейстер - жетекші», «Балетмейстер - репетитор», «Би ұжымдарының жетекшісі» ретінде қызмет атқарып жүр. Хореограф-мамандықтарына әрқашанда ел, аймақ бойынша сұраныс жоғары. Әр курс бойынша бітіруші түлектердің 100%-ы жұмысқа орналасады.

Студенттердің ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кафедрада «Эврика» ғылыми-тәжірибелік үйірмесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Қыз Жібек» және «Алау» би ансамбльдері ұйымдастырылды. «Алау» ансамбілі ХІ Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалінде ІІ орынға ие болды (2008ж). «Қыз Жібек» ансамбілі ХХІІ Халықаралық «На Николаевской - 2011» студенттер шығармашылық конкурсында «Халық би» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды (2011 ж. Орынбор). Ансамбльдер репертуарында көптеген әр түрлі халықтарының билері, эстрадалық би, қазіргі балдық би, модерн билері биленеді.

2005 жылдан бастап «Жауһазын» балалар балет студиясы құрылды. Балалар студиясына 60 шақты бала қатынасады. Олар университет, қала мәдени шараларында үлкен сахналарда өнерлерін көрсетуде. 2007 жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық «Европа+Азия» атты балалар және жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-байқауында «Халық биі» номинациясы бойынша дипломант атанды.

5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы

Мамандық: 5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы

Мамандандыру: Мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру және педагогикасы

Квалификация: Мектеп және мектептен тыс мекемелерде педагог- ұйымдастырушы

Бакалавр: Қызмет көрсету

 

5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысымамандығы 1992 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы және республиканың басқа да аймақтарына мамандар дайындайды. «Мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру және оның педагогикасы» мамандандыруы бойынша көптеген түлектер бітіріп шығуда. Олар мәдениет және өнер саласы бойынша ұжымдарға көркемдік жетекші болып, көпшілік–мерекелік қойылымдарды сценарилік-режиссерлық іске асыру, мектеп және мектептен тыс мекемелер тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып-басқару көпшілік шаралар, концерттер мен спектакльдер қоюда, музыкалық ұжымдар жұмысын басқарып, жетекшілік жасауда, арнайы тәртіптегі тәрбиелеу орындарында ұйымдастырушы-педагог және арнайы пәндер бойынша мектеп пен колледждерде оқытушы ретінде қызмет атқарып жүр.

5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы өзінің ғылыми қызметін белсенді жүргізеді. Оқытушылар әр түрлі ғылыми жинақтарда мақалалар жариялап отырады, аймақтық, халықаралық, ғылыми практикалық конференцияларға қатысады.

 

Жыл сайын мамандық студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі 1,2 орындарды жеңіп алады. Шығармашылық жұмысты сахналандыруда студенттер оқу процесі барысында меңгерген «Режиссура», «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы», «Вокал», «Режиссердің балетмейстермен жұмысы» пәндер бойынша алып жатқан білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетті.

2009-2010 оқу жылынан бастап 6М090600 - Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағытта магистратура жұмыс жасайды. Қазіргі таңда кафедрада 9 магистр дәріс береді. Оқытушылар және студенттер «Батыс Қазақстан аймағының әлеуметтік-мәдени қызметін дамытудағы өзекті мәселелер» бағытында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. Республикалық, Халықаралық конференцияларға мақалалар дайындалып, жинаққа шықты. Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетімен кафедраның екі оқытушы - Р.С.Абуова, С.Б.Аманиязовалар ізденуіш ретінде бекітілді, кандидаттық диссертацияларын қорғауды жоспарлады.

 

Кафедра түлектеріне сұраныс өте көп. Бітіруші түлектердің 100% жұмысқа орналасады. Қалалық, аудандық мәдени мекемелері басшыларының ұсынысы бойынша бітіруші түлек жан-жақты болу керек яғни ән, би, музыкалық аспапты меңгеру, оркестрде жектекшілік жасау керек деген ұсыныстарын ескере отырып таңдау бойынша курсқа өзгерістер енгізіп, аталған салалар бойынша арнайы пәндер енгізілді. Оның оңды нәтижесін студенттер ІІІ Республикалық пәндік олимпиадада жақсы көрсетіп қайтты.

5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының оқытушылары университеттік, облыстық, қалалық мәдени шараларда белсенді жұмыс атқарады.

Концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдардың сценариін, байқаулардың ережелерін құрастырып, олардың ұйымдастырылуына, орындалуына атсалысып отырады. Атап айтсақ: дәстүрлі «Жас дарын» байқауы, студенттік мерекелер, қалалық мерекелік шараларды, халықтық мерекелерді кәсіби деңгейде ұйымдастырды («Массленица», «Наурыз», «Троица», «День Нептуна»), халықаралық жастар күніне арналған «Қазақстан жастары» атты Облыстық жастар фестивалін «Юность» стадионында қаламыз бен обылысымыздың жастар бірлестіктері түгел қамтылған апталықты ұйымдастырып, Күлкі күніне арналған мерекеге облыстық шамалы көретін және соқыр балалардың арнайы мектеп-интернатында өз сценарилері бойынша қайрымдылық шараларын өткізді. ҚР тәуелсіздігі күні, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік сценарий құрастырып облыстық емдеу-профилактикалық мекемесінде қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Мамандық оқытушылары «Жастар наркотикке қарсы», «АҚЖТҚ-мен күрес күні» атты қоғамдық акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.

5В091000 – Кітапхана ісі

Мамандық: 5В091000 – Кітапхана ісі

Мамандандыру: Құжаттану және басқаруды ақпараттық қамту

Квалификация: Кітапханашы-библиограф

Бакалавр: Қызмет көрсету

5В091000 - Кітапхана ісімамандығы бойынша мамандар 1992 жылдан бастап дайындалып келеді. «Құжаттану және басқаруды ақпатарттық қамту» мамандандырулар бойынша бітірген кітапханашы өмірге жолдама алды. Бұл мамандықты бітірген түлектер көбінесе Қазақстанның батыс аймақтарына Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының мәденит бөлімдеріне жолдама алады. Әр жыл сайын Орал қаласындағы ірі кітапханалардың сұранысы қанағаттандырылады және аудандық, қалалық орталықтанған кітапханалар жүйесінде қызметке орналасады. Ең бастысы – бітірушілер жұмыссыз қалмайды, барлығы да өз мамандығы бойынша қызметке орналаласады. Студенттердің танымдық көзқарасы қалыптастыратын оқытудың қазіргі кезеңдегі түрлері еңгізілуде мысалы: электрондық оқулықты пайдалану, қағаздағы және электронды тасымалдағыштағы көрнекті құралдар қолданылады. И.М.Коленконың «Библиотечное общение», С.М.Сатағалиеваның «Кітапханалық маркетинг», М.Г.Жардемованың «Библиотечный менеджмент», «Маркетинг библиотечных услуг» атты электрондық оқулықтары дайындалып, оқу үрдісінде пайдаланылуда.

Мамандықты насихаттау мақсатымен «Книжная вселенная», «Сырлы парақ» әдеби салон-шығармашылық бірлестіктері құрылды. «Оқитын Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дайындауға ерекше көңіл бөлінеді, Бүкіләлемдік кітап күні, Қазақстан кітапханашылары күні шаралары осының айғағы. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада «Свеча» үйірмесі музыкалық-поэтикалық және қазіргі заманғы поэзиялық кештерді өткізеді, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларына қатысады.

Мамандық оқытушылары жыл сайын ЖОО-да және жақын, алыс шетелдерде біліктілікті жоғарлату курсынан өтіп отырады. Оқытушылар С.М. Сатагалиева мен М.Г.Жардемова Быдгощ (Польша) қаласында Каземира Велики университетінде курс семинар өтті.

2012-2013 оқу жылында оқытушылар С.М.Сатагалиева мен И.М.Коленко «Школа информационной культуры студента» тақырыбында университет ПОҚ-ның арасында өткен инновациалық жобалар конкурсына қатысып «Тәрбие жұмысының интерактивті формалары» номинациясына ие болды. Қазіргі таңда бұл жоба оқу үрдісінде қолданылуда.

Жыл сайын мамандық студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі 1,2 орындарды жеңіп алады. Мамандықтың оқытушылық құрамы үнемі университеттік, республикалық және халықаралық конференцияларына қатысады. СҒЗЖ мамандық оқытушылары студенттердің ғылыми зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, оларды жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми конференцияларына дайындайды, Республикалық СҒЗЖ жүлделі орындарға ие болды.

 

Ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында интернет жүйесін пайдалану жақсы жолға қойылған. БҚМУ ғылыми кітапханалық, облыстық және қаланың кітапханасының электронды каталотарын және электронды қондырғылар құжаттарды пайдалану, университет орталығының редакциялық-баспа негізін «Кітапханатану және библиография» базасы негізін пайдалану да ақпаратпен қамтамасыз ету қызметіне жатады. Сонымен қатар мамандық «Кітапхана-5.0» автоматтанған ақпараттық кітапханалық жүйемен қамтылған, автоматтандырылған ақпараттқ кітапханалық жүйенің демонстрациялық версиялары «КАБИС», «РАБИС», «ИРБИС», «АБИС».Практикалық сабақтар өткізуге арналған әдебиеттермен қамтылған оқу кабинеттері бар. Кәсіби периодикалық басылымдарға жазылу үнемі толықтырылып тұрады.