Кафедраның тарихы

Музыка кафедрасының тарихы сонау 1990 жылдан басталады. Осы жылы көркемдік –графикалық факультет базасында 0317 «Музыка және ән» мамандығы ашылып, кейіннен 031740 «Музыкалық білім» кафедрасы болып қалыптасты.

1995-96 оқу жылдарында «Музыка және ән» кафедрасын п.ғ. к., доцент Меңдіғаным Мергенбайқызы Нағымованың басқаруымен кафедраның ғылыми–методикалық жұмыстары жолға қойылып, нәтижелі жұмыстар атқарылды. Мамандықты шыңдау барысында шығармашылық кәсіби бағытын дамытуда композиторлар одағының мүшесі Әшір Молдағайынов және білікті оқытушылар: С.Н.Хамитова, Р.Ғ.Шынтемирова, Н.Г. Сиваш, Н.А. Думчева т.б. сынды тұлғалар арнайы жұмысқа шақыртылып, кафедраның дамуына зор үлестерін қосты.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында әртүрлі кезеңдерде музыкалық педагогика саласының білікті мамандары: Казақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының профессоры, п.ғ.д. Р.Р.Джардемалиева, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Э.Б.Абдуллин, өнертану докторы, Қ.Ұ.К. профессоры Б.И. Каракулов, Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қ.Ұ.К. профессоры А.Т.Жайымов секілді майталмандар шақырылып отырды.

Оқу үрдісінің әдістемелік кешені жаңарып, болашақ «Музыка және ән» мамандығының оқытушыларының оқу жоспары мен бағдарламасы ең жоғарғы талаптарға сай бола алды. Сонымен қатар кафедраны әрі қарай дамыту мақсатында өнертану кандидаты, БҚМУ профессоры С.М.Погодин, ,Қ.Р. Еңбек сіңірген әртістері, доцент Қ.Қ.Қожақов, Ж.А.Таудаева, Ж. Ә. Рахимова аға оқытушылар А.А. Құсайынов, Л.Қ.Өмірзақова, Д.М.Байтлеуов, А.Б.Жардемова, Ғ.А.Бекеева, Л.Б.Ляпина және де мамандық түлектері педагогикалық еңбек жолдарын осы кафедрада жалғастырып, қазіргі күнге дейін қызмет етуде. Олардың қатарында, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» белгісінің иегері, әнші- композитор, БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Қ.Л. Кисметов, ҚР «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, әнші- оқытушы Д.Н.Есентемиров, аға оқытушы М.Т.Мерғалиева, әнші- оқытушы, Г.Е.Утегенова, аға оқытушы А.Ж.Кенжегалиева, аға оқытушы Э.С.Ахатова, аға оқытушы біріккен хор дирижеры К.С. Коптлеуова және Облыстық Аналар кеңес мүшесі, әнші- оқытушы Р.Ж. Куаншалиева сынды оқытушылар еңбек етуде. Кафедраның дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қоса білген п.ғ.к., доцент М.М. Нағымова, 2009 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша магистратураны ашып, жоғарыда айтылған жас мамандар «Музыкалық білім» магистратурасын тамамдады. 2015 жылы кафедра үшін өте ауыр жағдай орын алды. Бұл жылы Музыкалық білім кафедрасының негізін салушы п.ғ.к., доцент М.М. Нағымова өмірден озды.

Міне сондықтан 2015 жылы «Музыкалық білім» және «Вокал» кафедраларын біріктіруды дұрыс деп санап, кафедраның меңгерушісі ретінді М.М. Нағымованың үзенгілес әріптесі, п.ғ.к., доценті Ольга Александровна Бабенко тағайындалды.

Кафедраның түлектері еліміздегі беделді конкурстар мен фестивальдерде лауреат атанды. Д. Байтілеуовтың жетекшілігіндегі «Жас қыран» триосы- Республикалық «Жас Қанат» конкурсының және «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаттары атанды. «Ару» тобы- «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанттары, (Астана); А.Қуаналиев- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Ж.Утешкалиев- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Усманов М.- Халықаралық «Жаһан дала» конкурсының лауреаты, Скорикова Мария II-Республикалық «Жас толқын» конкурсының лауреаты, «Үшқоңыр» триосы халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР «Құрмет» орденінің кавалері опера әншісі Капонова Айзада,

халықаралық конкурстардың лауреаты Кубиев Фархат Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солисті,

Хасанова Жаңылсын Ғ.Қурмангалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері,