Кафедра меңгерушісі: Кайнбаева Жамила Советовна

Адрес: . Студенттік көшесі 4, оқу ғимараты №7, каб.302

Телефон: 8 (7112) 50-53-46

Факс:

Е-mail: kafedraizoidizajna@bk.ru

Миссиясы: Қазақстандағы ең көне университеттердің бірінің дәстүрлері сақталған және кеңейтілген, Еуразиялық мәдениетаралық үнқатысу мен ұлттық келісімдерге негізделген М.Өтемісов - аймақтың жаңғырту орталығы боп табылады. Озық педагогикалық технологияларды оқыту және заманауи білім беру инфрақұрылымын қолдана отырып, гуманитарлық, ғылыми және техникалық білімді жинақтау және тарату арқылы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Базалық және қосымша білім беру бағдарламалары арқылы Қазақстанның Батыс аймағы мен жалпы Республика үшін мәдениет және өнер мамандарын дайындауда білім беру қызметін көрсету; Кафедраның пәндік саласымен үйлестірілген білім беру арқылы ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру.

Мақсаты: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының білім беру бағдарламаларының мақсаттары - жоғары сапалы кәсіптік білім алу, сәндік-көркемдік өнер және дизайн саласындағы кәсіби құзыреттілікті алу үшін жағдай жасау; жоғары кәсіби және бәсекеге қабілетті жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар мамандарды кәсіби даярлау, білім беру және өнер салаларында әртүрлі іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға қабілетті, бейнелеу өнері және сызу бағытында көркемдік-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білу.

Негізгі әрекет бағыттары:

Бакалавриат:

· 5В042100 - Дизайн (5 жыл; 3 жыл жеделдетілген.)

· 5В041700 - Сән өнері (4 жыл; 3 жыл жеделдетілген.)

· 5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу (4 жыл, 3 жыл жеделдетілген.)

Магистратура:

· 6М042100 - Дизайн (1 жыл; 1,5 жыл; 2 жыл)

Бакалавриат мамандықтары бойынша 1977 жылдан бастап мемлекеттік және орыс тілдерінде, орта жалпы, орта кәсіптік білім беру және жоғары білім негізінде күндізгі және сырттай оқыту түрінде мамандар даярланды.

1982 жылы алғашқы күндізгі бөлімде оқытуға студенттерді қабылдады. 1988 жылы алғаш рет студенттер қазақ тілінде оқытатын топқа қабылданды.

Еңбек нарығының қажеттілігі бойынша 6M042100 - «Дизайн» мамандығы бойынша магистратураның ашылуына әкелді, алғашқы қабылдау 2007 жылы іске асырылды, дайындық мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі оқу түрінде жоғары білім негізінде екі бағыт бойынша: ғылыми-педагогикалық және профильді. Ғылыми-педагогикалық бағытта білім беру ұзақтығы 2 жыл, профильді 1-жыл.

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының тарихы

 «Сурет және живопись» кафедрасы (қазіргі «Бейнелеу өнері және дизайн») 1977 жылы Орал педагогикалық институтының «Көркемсурет - графика факультеті» базасында ашылды. Факультетте екі кафедра жұмыс істеді: «Сурет және живопись», «Сызу және еңбекке баулу». Басты мақсаты - педагогикалық және көркемөнер бағытында кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Кафедраның материалдық техникалық-базасының қалыптасуына көп еңбек етіп, кадрлар жинақтауға атсалысқан бірден-бір жан, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеубай Әбілов болды.

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Н.Х.Хамзин, К.Ф.Ермаков, О.С.Мельникова, К.И.Фокин

Екінші қатарда: солдан оңға қарай И.Ө.Өтегенов студенттер арасында

Алғаш ашылған кафедрада (факультетте) ғылым кандидаттары, доценттер: Т.Ә.Әбілов, Г.М.Могилевский, В.Н.Беляев, А.Б.Абдрахманов, аға оқытушылар К.И.Фокин, В.П.Самохвалов, оқытушылар М.Қ.Ильясов, В.Ф.Крепица, А.И.Ларичкина, Р.С.Камалов, И.Ө.Өтегенов, оқу шебері Н.А.Дробышевтар еңбек етті.

Дәріс жүргізген оқытушылардың дені арнайы шақырумен келген Абай атындағы ҚазПИ-дің түлектері еді. Олар: Ғ.Хабдоллаев, О.С.Пастольник (Мельникова), Г.М.Темірбаева, М.Т.Сабырғалиев, Р.Р.Төлегенова, Г.Е.Тасимова, М.Аманбаев, Д.Бармешқызы, С.І.Алтыбаев, Ж.Н.Жүсіпов, Л.Л.Прищепная. Бұл оқытушылар арнайы пәндерден мамандар даярлап, тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты. Осы тұста шығармашылықпен айналысып, аталмыш кафедраны ширек ғасырға жуық басқарған Ғалит Хабдоллаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз.

Батыс аймақта алғаш болып ашылған мамандық болғандықтан республикамыздан, атап айтсақ: Ақтөбе, Орал, Гурьев (Атырау), Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Ресейдің Астрахань, Волгоград, Куйбышев (Самара), Саратов облыстарынан студенттер оқыды. Көпшілігі қазіргі уақытта жалпы білім беретін орта мектеп пен кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп келеді.

1980-1990 жылдары көптеген мамандар, мамандықты бітірген факультет түлектері қызмет атқарды, олар: М.Қ.Ильясов, Т.С.Ізтілеуов, Е.С.Қасымов, В.Н.Дробышев, Н.К.Брикс, Е.Л.Лұқпанов, С.Б.Нұрғалиева, О.А.Булов, С.Х.Құлбеков, А.Ғ.Сейтімов, Б.М.Моменов, С.Ө. Исағалиев, М.Т. Жұмағалиев, Т.В.Мартикова, Қ.О.Оразғалиев, Р.С.Оразғалиева, Н.М.Гомонова, Р.В.Алексеева, М.С.Жұбаева, Қ.К.Мұратов, Қ.А.Байдалиев, Қ.Н.Мәдіров, Е.Қ.Өтешев, А.Тастілеуов, Н.С.Қалиев.